Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тарих

Монополияға қарсы органды құру 1991 жылы 11 маусымда «Бәсекелестікті дамыту және монополистық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудан бастау алады, Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы тамыздағы шешіміне байланысты жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік орган құрылды. Осы заң жаңа экономикалық реформа шарттарындағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуге тартатын еліміздегі ең алғашқы «нарықтық» заңдардың бірі. Қазақ ССР Президентінің Жарлығына сәйкес жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік комитеті құрылды және 1991 жылғы 31 тамызда «Қазақ ССР-нің жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистық қызметті шектеу жөніндегі Мемлекеттік комитет мәселелері туралы» № 428 қаулыға қол қойылды.

Комитет Республика Президентінің жүргізуінде болды және Жоғарғы Кеңеске есеп беретін. Комитеттің ел басшылығы кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне үлкен мән беретін мәртебесі өте жоғары еді. Комитеттің бірінші төрағасы болып Христиан Давидович Дриллер тағайындалды.

Комитеттің негізгі міндеттері кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті дамыту, монополиялық қызмет пен басым жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және жолын кесу, монополиялық заңнаманың сақталуын бақылау болып белгіленді. Комитеттің функциялары және өкілеттіктері айтарлықтай кең ауқымды болатын. Ол заң жобаларының және нарық пен бәсекелестікті дамыту қызметіне қатысты өзге де құқықтық актілердің сараптамасын жүргізді. Кәсіпкерлікті қолдау, жаңа экономикалық құрылымдарды құру, нарықтағы бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар әзірледі. Одан басқа, Комитет Жоғарғы сотқа, еліміздің Президентіне және Министрлер кабинетіне  нарық және ондағы бәсекелестік жағдайы туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

1992 жылы Комитет Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып қайта құрылды және Министрлер кабинетінің құрамына енгізілді. Комитет төрағасы болып Петр Владимирович Своик тағайындалды.

Осы кезеңде мына министрліктерді монополиясыздандыру жүргізілді: Жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет көрсету министрлігі, Тамақ өнеркәсібі министрлігі, Қазақ ССР-ның бас жабдықтаушысы, олар ұлттық холдингтерге айналды, ал кейіннен сараланды.

1994 жылы Комитет Бағалар жөніндегі комитетпен бірігу арқылы қайта құрылды және ұзақ уақыт Бағалық және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет (БМҚСМК) ретінде қызмет етті. 1996 жылы Комитетті Николай Владимирович Радостовец басқарды.

Комитет тұрғын үй коммуналдық шаруашылық реформасын іске асырды, қалалық жолаушылар көлігі және қалаларалық жолаушылар тасымалын монополиясыздандырды, сондай-ақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң нормаларын іске асыру жөніндегі үйлестіруші қызметін орындады. Осының арқасында республикада тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі 100-ден астам қоғам пайда болды және Жоғарғы Сотпен ынтымақтастықта «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 қаулы қабылданды, ол Қазақстандағы консьюмеризмнің одан әрі дамуына әсер етті.

1998 жылы Комитет бастамасы бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Заң әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 қазандағы Жарлығымен Комитет Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік болып қайта құрылды. Қазақстанның өңірлеріне жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Агенттіктің тікелей бағыныстағы монополияға қарсы аумақтық департаменттері пайда болды. Агенттікті Алтай Абылайұлы Тілеуберлин басқарды. 2000 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында Агенттікті Берік Мәжитұлы Имашев, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Ораз Әлиұлы Жандосов және Бахытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқарды.

Президенттің 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 жарлығымен Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына қайтарылды.

2004 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 1449 Жарлығына сәйкес табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау функциялары бөлінді. Табиғи монополияларды реттеу Агенттігіне бағалық реттеу функциялары берілді, әр жылдарда төрағалар болып Бахытжан Әбдірұлы Сағынтаев (2004-2007 жж.), Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов (2007-2012жж.), Мурат Магавьянович Оспанов (2012-2014 жж.) тағайындалды. Ал бәсекелестікті қорғау функциялары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берілді, онда Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет қалыптастырылды. Комитет төрағасы болып Әлиакпар Болатұлы Матишев тағайындалған болатын.

2007 жылы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет орнына құрылды. Әр түрлі жылдарда Агенттік төрағалары Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев (2008-2012 ), Ғабидулла Рахматуллаұлы Абдрахимов (2012-2013), Болатбек Баянұлы Қуандықов (2013-2014), Ғалым Ізбасарұлы Оразбеков (01.2014-08.2014) болды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 872 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі бірігу арқылы ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет болып қайта құрылды, төрағасы болып Серік Мақашұлы Жұманғарин тағайындалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 Қаулысына сәйкес  Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Комитет төрағасы болып Азамат Бақдәулетұлы Майтиев тағайындалды.