Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Бақылау-қадағалау функциялары

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеуіш мыналарды:

  • тарифтік және техникалық реттеуді;
  • аралас салаларда доминанттарды және көрсетілетін қызметтері Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) номенклатурасына  қосылған, бағаларын мемлекет реттейтін нарық субъектілерінің бағаларын реттеуді;
  • заңнаманың сақталуын бақылауды;
  • лицензиялау және лицензиялаудан кейінгі бақылауды қамтитын бағаларды және тарифтерді реттеу функцияларын жүзеге асырады.

Реттеуіш өзінің қызметінде тарифті реттеу кезінде мемлекеттік органдар олардың құзыреті шегінде белгілеген табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін; реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін реттелетін коммуналдық қызметтерге төлем мөлшерін бекітеді.

Бұл үшін тарифті өзгертуге өтінім, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаларды орындауы туралы ақпарат, өткізілген жария тыңдаулардың оң нәтижелері, сондай-ақ табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада көзделген өзге материалдар негіз болып табылады.

Бұдан басқа реттеуіш: реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауына; реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне бақылауды; рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады.

Олардың белгілеген тәртібінде: өңірлік электр желілік компанияларды; теміржол көлігін, электр және жылу энергетикасын, азаматтық авиацияны, порт қызметін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникалық ысыраптарын; шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, персоналының нормативтік санын бекітеді.

 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді есепке алып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте әкімшілік жазаға тартады.

Шешім  уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен қабылданады.

Қосымша реттеуіш реттелетін тарифтер өзгерісінің инфляцияға үлесін жыл сайын орындау жолымен тарифтердің негізсіз өсуін тежеу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.