Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС қатысты тергеу нәтижелерін келісу комиссиясында қаралды
23.10.2017 18:07

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС қатысты тергеу нәтижелерін келісу комиссиясында қаралды

Комитет төрағасы А.Б.Майтиевтің  төрағалығымен Келісу комиссиясының кезекті отырысында «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау саласында субъектілермен келісімшарт жасасудан негізсіз бас тарту, жеке кәсіпкерлер арасында азайтылған мұнай газын әркелкі бөлу, сондай-ақ азайтылған газды жеткізу көлемін негізсіз азайту бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің қорытынды жобасы қаралды.

Тергеу жеке кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер негізінде кәсіпкерлер және «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС арасында АМГ көлемдерін әркелкі бөлуде көрініс тапқан Серіктестік әрекетіне жүргізілді.

 Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы орган қызметкерлерінен бөлек «Атамекен» ҰКП, «Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту» ЗТБ, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау» АҚ және «Қазақ мұнай өңдеу зауыты» ЖШС өкілдері кірді.

Тергеу барысында 35 кәсіпкерге азайтылған мұнай газды іске асыру нарығына қол жетімділікті шектеу фактілері белгіленді.

Отырыс барысында Департамент, Серіктестік өкілдерінің, сондай-ақ Келісу комиссиясының мүшелерінің  ұстанымдары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Департаментке аталған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, қорытынды жобасын пысықтауға ұсыныс берілді.

 

Теги: келісу комиссия
Изменен: 23.10.2017 18:10