Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

ТМРБ және ТҚҚК - Жамбыл облысы. Департаментпен Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі әкіміне айыппұл салынды
24.10.2017 11:48

ТМРБ және ТҚҚК - Жамбыл облысы. Департаментпен Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі әкіміне айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабы 2 тармағының 8) тармақшасымен қарастырылған, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілері бойынша «Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не қатысты тергеп-тексеру аяқталды.

Заң бұзушылық Әкімдіктің Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылына абаттандыру қызметіне тікелей шарт жасау жолымен нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруіне шектеу қоюымен байланысты болды.

Әкімнің жазбаша түсініктемесіне сәйкес, аталған келісім шарт «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес, бір көзден тікелей шарт тұжырымы бойынша жасалған.

Бұл ретте, осы Заңда мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты бір көзден тікелей шарт тұжырымы бойынша жасау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тізімі көрсетілген. Алайда тізімде көрсетілген бірде-бір негіз аталған жұмыс түріне сәйкес келмейді.

Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Департаменттің қаулысымен Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі Б.А. Айдаралиев ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабының 1 бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 680 700 теңгені құрайтын 300 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Изменен: 24.10.2017 11:52