Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Ақтөбе облысы. Департаментпен «Актобеэнергоснаб» ЖШС үшін баға келісілді
09.01.2018 12:07

Ақтөбе облысы. Департаментпен «Актобеэнергоснаб» ЖШС үшін баға келісілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген, Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес, «Актобеэнергоснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энрегиясын бөлшек саудада өткізу қызметіне бағаның шекті деңгейін өсіру туралы хабарламасы қаралды.

Орташа бағаның шекті деңгейі 1 кВтс үшін 15,12 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде келісілді, қолданыстағы бағадан 13,5 %-ға немесе 1,8 теңгеге өсті, оның ішінде қала, ауыл (елді мекен) тұрғындары үшін және тұрғындармен электр энергиясын пәтрлерді жарықтандыру және тұрғын үйлерде, бау-бақшалар өзге де тұрмыстық мақсатта қолданатын тұтынушылар үшін тариф (ҚҚС-сыз) 9,24 теңгені құрады, қолданыстағы бағадан  өсімі 10 %. Өзге (тұрғындар тобына кірмеген) тұтынушылар үшін баға (ҚҚС-сыз) 18,37 теңгені құрады, қолданыстағы бағадан өсімі 15 %.

Бағалар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Теги: «Актобеэнергоснаб» ЖШС
Изменен: 10.01.2018 12:09