Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Алматы облысы. Жария тыңдаулар өткізілді
10.01.2018 12:18

Алматы облысы. Жария тыңдаулар өткізілді

2018 жылғы 04 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Іле ауданының «ЕР-НУР СТРОИ и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақши ауылында газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану мен газ магистральды немесе газ тасымалдау жөніндегі қызметінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізілді.

Жария тыңдауда жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 

Іле ауданының «ЕР-НУР СТРОИ и К» ЖШС-ның директоры Джураев Б.Н. өз сөзінде, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану мен газ магистральды немесе газ тасымалдау қызметінің тариф және тарифтік сметасының ұсынылатын жобасын толық түсіндіріп негіздеді.

Субъектінің газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану мен газ магистральды немесе газ тасымалдау жөніндегі қызметіне тарифтің жобасы –  11 275,03 теңге/ 1000м3    (ҚҚС - сыз) ұсынылды.

«ЕР-НУР СТРОИ и К» ЖШС-ның өтінімін қарау бойынша  шешім, жария тыңдаулар қатысушыларының пікірін есепке алумен, ағымдағы жылдың 19 қаңтарында қабылданады. Қабылданған шешімнің нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

 

Теги: жария тыңдаулар
Изменен: 11.01.2018 12:20