Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Жамбыл облысы.  «Жуалы-Су» МКК-на әкімшілік айыппұл салынды
11.07.2018 15:35

Жамбыл облысы. «Жуалы-Су» МКК-на әкімшілік айыппұл салынды

Департаментпен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарын сақтау бойынша «Жуалы-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметіне ішінара тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша, «Жуалы-Су» МКК-ның іс-әрекетінде Заңның 7-бабында қарастырылған міндеттерді орындамағаны туралы фактілері орын алғандығы анықталды.

Атап айтқанда, уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасаспауы және мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етпеуі сияқты бұзушылықтар.

Департаментпен 2018 жылдың 24 мамыр күні «Жуалы-Су» КМК-на қатысты ҚР ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігімен 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттамалар толтырылып, Жуалы аудандық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 942 760 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Изменен: 12.07.2018 15:36