Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Қызылорда облысы. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне уақытша өтемдік тариф бекітілді
12.07.2019 10:01

Қызылорда облысы. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне уақытша өтемдік тариф бекітілді

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының  2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасымен қаралған тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

         «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру қызметі бойынша қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған абысының соммасы 318834,506 мың теңге құрады. 

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамына 2019 жылғы 1 қыркүйегінен бастап 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 4,521 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 8,3 пайызға төмендетіп, уақытша өтемдік тариф бекітті.

Изменен: 12.07.2019 10:06