Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Шымкент қ. Департамент «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-не уақытша өтемдік тарифтер бекітті
12.07.2019 17:12

Шымкент қ. Департамент «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-не уақытша өтемдік тарифтер бекітті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №86-НҚ бұйрығымен «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің тұтынушылары үшін:

- суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне жалпы сомасы 105,48 мың теңге мөлшерінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы есебімен) тарифтік смета шығындары баптарының 5 пайызынан астамын орындамағаны үшін қолданыстағы тарифтен (223,21 теңге/м3 ҚҚС-сыз) 2,17%-ға төмендетіліп, ҚҚС есебінсіз 218,36 теңге/м3 мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді;

- сарқынды суларды бұру қызметіне жалпы сомасы 84,59 мың теңге мөлшерінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы есебімен) тарифтік смета шығындары баптарының 5 пайызынан астамын орындамағаны үшін қолданыстағы тарифтен (224,1 теңге/м3 ҚҚС-сыз) 2,27%-ға төмендетіліп, ҚҚС есебінсіз 219,02 теңге/м3 мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді.

Уақытша өтемдік тарифтер 2019 жылғы 1 тамызынан бастап  2020 жылдың 31 шілдесі аралығында қолданыста болады.

Изменен: 12.07.2019 17:15