Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Шымкент қ. Ашық есік күні өткізілді
12.07.2019 17:19

Шымкент қ. Ашық есік күні өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2019 жылғы 11 шілдеде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

«Ашық есік күні» іс-шарасына «Су ресурстары маркетинг» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Омега ХХІ» ЖШС, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы мен бөлшек сауда ұйымдарының лауазымды қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қабылданған тұтынушылардың құқықтары бұзылу жөніндегі сапасыз тауарларды сатып алу және аса қымбат киімді жалға алу бойынша алдын ала төленген төлемді қайтарудан бас тарту жағынан арыз-шағымдармен жүгінген азаматтар қабылданды. Арыздар қаралған кезде тұтынушылардың құқықтары туралы, тұтынушылық құқықтарын қорғауға қатысты олардың (немесе азаматтардың өтініштерінің негізінде қоғамдық тұтынушылық бірлестіктердің) әрекеттері бойынша түсіндірмелер берілді (Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 14, 15, 16, 17, 30–баптары). Арызданушы тұтынушылардың сатушыларға (қызмет көрсетушілерге) берілетін кінә қою хаттарының үлгілері және жүгінген азаматтардың өтініштері тақырыптары бойынша буклеттер мен брошюралар, Шымкент қаласындағы қоғамдық бірлестіктердің тізімі тапсырылды.

Сонымен қатар, зейнеткер тұтынушыладың материалдік жағдайын күрт нашарлататын тұрмыстық газ есептегіштерді (ТГЕ) тексеруге дейінгі соңғы алты айда пайдалану бойынша айыппұл салу жөнінде  азаматтардың арыз-шағымдары қаралды. Арыз-шағымдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасына өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды, сондай-ақ осы өтініштер бойынша газбен қамтамасыз ету саласы және коммуналдық қызметтер көрсету жөнінде тиісті түсіндірмелер берілді. 

Изменен: 12.07.2019 17:23