Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді
16.11.2017 09:22

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді

2017 жылғы 15 қарашада Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау қоры  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі –Комитет) тапсырысы бойынша тұтынушылардың құқықтары мәселесі бойынша әлеуметтік және талдамалы зерттеуді жүргізу нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімдерінің басшыларын шақыра отырып, тұсаукесер өткізді.  

Тұсаукесер шеңберінде әлеуметтік зерттеу нәтижелері жарияланды, атап айтқанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабардарлығы деңгейі, қызметтің проблемалық салалары, қоғамдық бірлестіктердің даму дәрежесі, осы саладағы мемлекеттік реттеу тиімділігі.    

Сұрастыруға Қазақстанның 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 2600 респондент қатысты. 

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жалпы Қазақстанда көбінесе тұтынушылардың құқықтары бөлшектік сауда саласында – 14% бұзылды, қоғамдық тамақтану саласында – 12% құрады, ал қоғамдық көлік, ПМК және нарықта саудаласу  салаларына 9%-нан келеді.

Өңірлік бөлігінде тұтынушылардың құқықтары жиірек Атырау облысында – 33% және Ақмола облысында – 31%     бұзылды.

Ең жиі бұзушылықтар бағаның және чектің сәйкессіздігі болып табылады – 34%, сатып алушыларға қосымша тауарларды зорлап беру – 28%,  персоналдың өрескелдігі – 25% және тауар немесе қызметтер сапасы айтылған деңгейге сәйкес келмеу – 24% құрады.

Бұндайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейін бағалаған кезде 58 % респондент мемлекетке қарай сенім арту деңгейі арттыратынын атап өтті. 

Әлеуметтік сұрастыру нәтижелері бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын  әрі қарай дамыту ұсынымдары  әзірленді.

Осы зерттеудің нәтижелері бойынша материалдар Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа алу үшін және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау үшін жіберілді.  

Талқылау барысында нақты сұрақтар қойылды, оларға тиісті жауаптар берілдіде, ұсыныстар қатары әзірленді.

Өткізілген тұсаукесер қорытындылары бойынша айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар Комитетің және оның аумақтық бөлімшелердің қызметінде ескеріледі.  

Изменен: 16.11.2017 09:24