Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

ОКҚ брифингте Комитет өкілдері сөз сөйледі
24.11.2017 15:11

ОКҚ брифингте Комитет өкілдері сөз сөйледі

2017 жылдың 24 қарашасында ОКҚ алаңында «Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау» тақырыбында – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жұмысының нәтижелері жөнінде брифинг болып өтті.

Брифингте Комитет төрағасының міндетін атқарушы Р.Н. Ахметов және төрағаның орынбасары А.К. Дарбаев баяндама жасады.

Өз сөзінде Р. Ахметов бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеуге тоқтала отырып, Қазақстанның монополияға қарсы органы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арасындағы сәтті ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан Республикасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қадамдар қабылданғанын атап көрсетті.

Ол жанар-жағар материалдар бағасының өсуі фактілері бойынша мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу нарығының 47 субъектісіне қатысты тергеп-тексеруді аяқтау жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ, ол Комитеттің  норма шығаруы жөнінде айтып өтті. Өз сөзінде барлық жұмыс қорытындысының «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрсетілгенін, қазіргі уақытта жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауында екендігін және 2018 жылдың бірінші тоқсанында қабылдауға жоспарлануда екендігін қоса айтты.

Төрағаның орынбасары А.К. Дарбаевтың жасаған баяндамасындағы басты мәселелер жаңа тарифтік саясатты іске асыру, сондай-ақ жоспарланған жаңа тәртіп болды.

А.К. Дарбаев 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен  ЕҚДБ екі фазадан тұратын «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде Ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша саланы дамытудың негізгі міндеттерін шешуге және ең үздік әлемдік практиканы енгізуге бағытталған ұсыныстар қалыптасатын болады.

А. Дарбаев сөзінің соңында уәкілетті орган тарифтік реттеудің шетелдік тәжірибесін ескере отырып жаңа редакцияда әзірлеген ТМРБжәнеТҚҚ «Табиғи монополиялар туралы» екінші жаңа заңы туралы айтып өтті.

Заң жобасы жаңа реттеу тәсілдерін кезең-кезеңмен енгізуді көздейді. Бұл ретте, бірінші кезеңде базалық тәсіл ретінде тарифтерді белгілеудің шығынды тәсілін сақтау ұсынылады. 

Изменен: 27.11.2017 15:13