Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

ТМРБ ж ТҚҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады
14.12.2017 16:58

ТМРБ ж ТҚҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады

ТМРБ ж ТҚҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты үстем жағдайын теріс пайдалануды тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қоғамның коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардан тауарлық газдың шартты көлемін кем алғаны үшін ақшалай айыппұл өндіріп алғаны анықталды. Бұл ретте айыппұлды өндіріп алудың экономикалық, технологиялық негіздемелері жоқ, сондай-ақ тұтынушыларға қатысты кемсітушілік сипатта болып табылады. 

Бұзушылықтың анықталған фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды, оның материалдары одан әрі қарау үшін сотқа берілді. 

Бұдан басқа, ТМРБ ж ТҚҚК нұсқама шығарды, оған сәйкес Қоғамның бұзушылықтарды жоюы, қаражатты қайтаруы және газды кем алғаны үшін айыппұл алуды көздейтін талаптарды шарттардан алып тастауы қажет. 

2017 жылғы 28 қарашада Астана қаласының соты Қоғамды ӘҚБтК-нің 159-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекет кірісіне 944 855 296 (тоғыз жүз қырық төрт миллион сегіз жүз елу бес мың екі жүз тоқсан алты) теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы етті.   

Қаулы жарияланған кезден бастап заңды күшіне енді. 

Изменен: 14.12.2017 16:59