Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Келісу комиссиясында «Астана LRT» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру нәтижелері қаралды
21.12.2017 10:08

Келісу комиссиясында «Астана LRT» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру нәтижелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Р.Н. Ахметовтің төрағалық етуімен өткен Келісу комиссиясының кезекті отырысында «Астана LRT» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары бағаны белгілеу белгілері бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы қаралды. 

Тергеп-тексеруді бастау үшін Астана әуежайындағы ашық орынтұраққа тарифке қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат болды. 

Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы» ЗТБ, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ «Астана LRT» ЖШС-дан тәуелсіз сарапшы кірді.

Отырыс барысында Серіктестік өкілдерінің, сондай-ақ Келісу комиссиясы мүшелерінің ұстанымдары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері құқық бұзушылық фактісімен келісті және осы қызметке жататын шығындарды есепке алу бөлігінде қорытынды жобасын пысықтауға қатысты өз пікірлерін білдірді. 

 

 

Изменен: 21.12.2017 10:10