Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитет өкілдері «Венгриядағы тұрғын үй шығыстарының қолжетімділігімен байланысты әлеуметтік бағдарламалардың тәжірибесі» атты Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін ұйымдастырылған оқу сапарына барды
18.12.2017 11:23

Комитет өкілдері «Венгриядағы тұрғын үй шығыстарының қолжетімділігімен байланысты әлеуметтік бағдарламалардың тәжірибесі» атты Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін ұйымдастырылған оқу сапарына барды

2017 жылғы 11-15 желтоқсан кезеңінде Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін оқу-таныстыру сапары ұйымдастырылған болатын, оның мақсаты тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге шығыстарды төлеген кезде аз қамтылған азаматтарға биліктің ұлттық және жергілікті органдарының әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерін ұсыну, сондай-ақ орталықтандырылған сумен және жылумен жабдықтау саласында тарифтік саясатты әзірлеу мен іске асыру тәжірибесін зерделеу болды. 

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Көбентайұлы Дарбаев, әдіснама басқармасының басшысы Шолпан Батырбек, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының басшысы Айнұр Бейбітқызы Ыбыраева, сондай-ақ әдіснама басқармасының сарапшысы Досжан Сапарғалиұлы Ысмайылов қатысты.

Изменен: 25.12.2017 11:25