Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні
15.03.2018 12:41

Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын барлық азаматтарды Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнімен құттықтайды!

Біз жыл сайын 15 наурызда Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін атап өтеміз. Жыл сайын тұтынушылық ұйымдардың халықаралық федерациясы негізгі тақырыпты айқындайды. 2018 жылы бұл күн «Making digital market places fairer» - «Цифрлық нарықтар әділ және ашық болсын» деген ұранмен өтеді. 

Мерекені Тұтынушылар одақтарының халықаралық ұйымы құрды және әлемнің 72 елінен 180-нен астам қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды біріктіреді. 

Тұтынушылар одақтарының халықаралық ұйымы тұтынушылардың негізгі құқықтарын айқындады, олар негізі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығын, қауіпсіздік құқығын, ақпаратқа құқықты, таңдау құқығын, тұтынушылардың мүдделерін білдіруге құқықты, өтеу құқығын, тұтынушылық сауаттандыру құқығын, саламатты қоршаған ортаға құқықты қамтиды.  

Комитет жұмыс істеген жылдары тұтынушылық құқықтарын бұзылған мыңдаған азамат білікті заңгерлік көмек алды.

2017 жылы 4426 жазбаша өтініш түсті, оның ішінде 3894 өтініш бойынша түсінік берілді, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайта жіберілді 391, кері қайтарып алынды 67, тексеру жүргізе отырып қаралды 65, талап-арыз жұмысы 1, қараусыз қалдырылды. 14. Қызмет салалары бөлінісінде: ТКШ қызметтері – 2507 (57%), бөлшек сауда – 1155 (26%), қоғамдық тамақтандыру – 114 (3%), тұрмыстық қызмет көрсету – 302 (7%), көлік қызметтері 43 (1%), медициналық қызметтер 56 (1%), қаржылық қызметтер 50 (1%), білім беру қызметтері 16 (0,1%), байланыс қызметтері – 120 (3%), электрондық сауда 49 (1%), туристік қызметтер 14 (0,3%).

Комитет, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу бойынша, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады.

Зерттеу қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің тиімді және қолжетімді жүйесін қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру үшін практикалық ұсынымдармен бірге талдамалық есептер әзірленеді. 

Азаматтардың назарын өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғауға аудару мақсатында, Республиканың барлық өңірлерінде Комитет мамандары осы салада маманданатын қоғамдық бірлестіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен, БАҚ-пен бірлесін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында әртүрлі тақырыптарға баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кеңестер, халықпен кездесу, ақпараттық акциялар, «Ашық есіктер» күнін өткізеді, сондай-ақ әрбір азамат консультация алуға жүгіне алатын жедел желілер тұрақты негізде жұмыс істейді.  

Сонымен қатар, Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне орай жақсы жұмыстары үшін Комитет орталық аппараттың және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне құрмет граморталарын тапсырды, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға үлкен үлес қосқаны үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне алғыс хаттар жіберді.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушылардың басымдықтары өндірушілердің мүдделерінен жоғары болып табылатын қағидатты басшылыққа алады.    

Біз ұсыныстар күтеміз, кері байланыс бар және орынды сын айтуыңызға болады.



Изменен: 15.03.2018 12:52