Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның құрылуына арналған «Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу»
07.06.2018 10:27

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның құрылуына арналған «Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу»

2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның құрылуына арналған «Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 1991 жылғы 7 маусымда Қазақ КСР Президентінің № 330 Жарлығымен Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу бойынша Қазақ КСР-ның Мемлекеттік комитеті құрылды.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «Монополияға қарсы сарапшылардың альянсы» ҚБ болды.

Іс-шараның ашылуы «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның атқарушы директоры Николай Владимирович Радостовецтің құттықтау сөзінен басталды.

Дөңгелек үстелдің жұмысы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына соңғы күшіне енген және енгізу жоспарланып отырған өзгерістерді талқылауға арналды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына соңғы күшіне енген, сондай-ақ енгізу жоспарланып отырған өзгерістер туралы баяндама жасады.

«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның президенті, «Монополияға қарсы сарапшылардың альянсы» ҚБ-ның Кеңес төрағасы Алдаш Тұрдықұлұлы Айтжанов Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына соңғы жаңалықтар: бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.

Дөңгелек үстелдің жұмысына нарық субъектілерінің, заң компанияларының, монополияға қарсы органның өкілдері және бәсекелестікті қорғау саласындағы негізгі сарапшылар қатысты.

Нарық субъектілерінің өкілдері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнеаманың нормаларының құқық қолдану практикасы жөнінде сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, мини-футбол бойынша турнирдің жеңімпазына Монополияға қарсы кубок салтанатты түрде тапсырылды. Төраға орынбасары Асан Көбентайұлы Дарбаев жетекшілік ететін ТМРБТҚҚК басқармаларының құрама командасын жеңген Төраға орынбасары Рустам Нұрланұлы Ахметов жетекшілік ететін ТМРБТҚҚК басқармаларының құрама командасы турнирдің жеңімпазы және «Монополияға қарсы кубоктың» иегері атанды. Турнирдің үздік ойыншысы Дидар Сағатұлы Атжанов атап өтілді.

Монополияға қарсы саясатпен, реттеумен және бәсекелестік құқықпен байланысты тақырыптар бойынша дипломдық жұмыстар конкурсының қорытындысы шығарылды, бірінші орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Мәлике Серікқызы Бекқожиева және Лиза Нұрболқызы Қадырғалиева иеленді.

Сондай-ақ «Монополияға қарсы сарапшылардың альянсы» ҚБ-ның «Бәсекелестікті дамытқаны үшін» қоғамдық наградасы ТМРБжТҚҚК-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Людмила Михайловна Устьянцеваға, Николай Владимирович Радостовецке, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның вице-президенті Марат Кәрімұлы Мұстафинге, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясының сарапшысы Елена Николаевна Попадопулоға тапсырылды.

Изменен: 08.06.2018 10:29