Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
15.06.2018 14:26

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

2018 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Осы жұмыс тобында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары П.О. Казанцевтің және Н.С. Сабильяновтың түзетулері қаралды.

Түзетулер заң жобасының ұғымдық аппараты, қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерге жарна енгізу тәртібі мен мөлшерін анықтау, табиғи монополия субъектілерінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру бойынша жою, тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту бөлігінде уәкілетті органның құзыретіне, сондай-ақ уәкілетті органның ұсыныстары бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерге жарна енгізу тәртібі мен мөлшерін қарау мәселесі бойынша тарифтік саясат жөніндегі кеңестің құзыреті, қоғамдық бірлестіктерге жарна енгізуге қатысты табиғи монополия субъектісінің құқықтары мен міндеттері, табиғи монополия салаларының тізбесін кеңейту және т.б. қатысты болды.

Жұмыс тобының мүшелері түзетулердің бір бөлігін қабылдамады, сондай-ақ жұмыс тобының ортақ пікірге келе алмауына байланысты, бірқатар түзетулер пысықтауға жіберілді.

Жұмыс тобының отырысына орталық атқарушы органдар, заңды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер қатысты. 

 

Изменен: 15.06.2018 14:28