Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) «Дүниежүзілік сауда ұйымының қолданыстағы келісімдері бойынша практикалық тәжірибеге шолу» тақырыбында бәсекелестік саясат, сауда және даму жөнінде семинар өтті
20.06.2018 16:26

Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) «Дүниежүзілік сауда ұйымының қолданыстағы келісімдері бойынша практикалық тәжірибеге шолу» тақырыбында бәсекелестік саясат, сауда және даму жөнінде семинар өтті

2018 жылғы 12-14 маусымда Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) «Дүниежүзілік сауда ұйымының қолданыстағы келісімдері бойынша практикалық тәжірибеге шолу» тақырыбында бәсекелестік саясат, сауда және даму жөнінде семинар өтті. 

Семинарды Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Оқу және техникалық ынтымақтастық институты ұйымдастырды.  

С докладами на Семинарда ДСҰ Хатшылығының мемлекеттік сатып алу тобының консультанты және басшысы Роберт Д. Андерсон, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Бәсекелестікті жөніндегі комитетінің Бәсекелестік және реттеу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Альберто Хеймлер, ЭЫДҰ-ның Бәсекелестікті жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женни, Бәсекелестік және нарықтар мәселелері жөніндегі ведомствосының Директорлар кеңесінің мүшесі Билл Ковачич, ЮНКТАД Тауарлармен, көрсетілетін қызметтермен және шикізат тауарларымен халықаралық сауда жөніндегі департаментінің директоры Тереза Морейра, ДСҰ Зияткерлік меншік бөлімінің құқықтық мәселелер бойынша қызметкері Анна Каролин Мюллер, ДСҰ Зияткерлік меншік, мемлекеттік сатып алу және бәсекелестік бөлімінің талдаушысы Надежда Спорышева, ДСҰ Зияткерлік меншік, мемлекеттік сатып алу және бәсекелестік бөлімінің директоры Энтони Таубман және бәсекелестік құқық саласындағы басқа да танымал сарапшылар қатысты. 

Семинарға Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің атынан Комитеттің Қаржы нарығы салаларын және өзге салаларды талдау басқармасының басшысы Арсен Бейсембайұлы Ысқақов қатысты.  

Бұл іс-шара семинарға қатысушылардың ДСҰ-ның қолданыстағы келісімдеріндегі бәсекелестік саясат элементтерімен, сондай-ақ аралас нарықтардағы бәсекелестік саясаттың рөлімен хабардар болуын арттыруға бағытталды. 

Семинар нәтижелері бойынша қатысушыларға гипотетикалық кейстерді зерттеу арқылы алынған білімді қолдану мен тереңдетуге мүмкіндік берілді.

Изменен: 20.06.2018 16:28