Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде  «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
21.06.2018 17:23

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2018 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.   

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі С.М. Жұманғарин «Тарифтік реттеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбына баяндама жасады.   

2017 жылғы қыркүйекте Парламенттің алтыншы шақырылымы үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, тариф белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру және ТКШ, сумен және жылумен жабдықтау желілеріне жаңғыртуға инвестициялар тарту мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін, олар көрсететін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізуді көздейді.

Сондай-ақ жоба тариф белгілеудің механизмдердің және тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуінің ашықтығын, оның ішінде тарифтерді бекітуге және сатып алуды өткізуге арналған өтінімдерді электрондық түрде беруге өтуді, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру рәсімін нақтылауды, Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің және тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің тариф құру процесіне қатысуын көздейді.   

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақов, жергілікті атқарушы органдардың басшылары энергия беруші ұйымдарды ірілендіру және оларға коммуналдық және иесіз желілерді қосу мәселелерін қоса алғанда, энергетика саласындағы ахуал туралы баяндама жасады.  

Изменен: 21.06.2018 17:24