Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Бағалық және тарифтік сөз байласуларды, оның ішінде сауда-саттықта әрі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуда анықтау мен оның жолын кесудің құралдары мен әдістері» тақырыбына оқу семинары өтті
27.06.2018 15:54

Комитетте «Бағалық және тарифтік сөз байласуларды, оның ішінде сауда-саттықта әрі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуда анықтау мен оның жолын кесудің құралдары мен әдістері» тақырыбына оқу семинары өтті

2018 жылғы 26-27 маусымда Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (ТМРБжТҚҚК) қызметкерлері үшін ««Бағалық және тарифтік сөз байласуларды, оның ішінде сауда-саттықта әрі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуда анықтау мен оның жолын кесудің құралдары мен әдістері» тақырыбына оқу семинары өтті.   

Оқу семинарын өткізу сатып алу мен сауда-саттыққа қойылатын бәсекелестікке қарсы талаптарды айқындау және осы талаптарды бұзғаны үшін тиісті әкімшілік жауапкершілік енгізуді, оның ішінде монополияға қарсы органның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мәніне сауда-саттық өткізу мониторингін жүзеге асыру тетігін енгізу арқылы монополияға қарсы тергеп-тексерулер жүргізу кезінде монополияға қарсы органның өкілеттіктерін күшейтуді көздеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген түзетулермен байланысты болды. 

Оқу семинарын Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінің (ФМҚ) қызметкерлері, атап айтқанда Ресей ФМҚ Картельдермен күрес басқармасы бастығының орынбасары – Хамуков Мухамед Анатольевич, Ресей ФМҚ Картельдермен күрес басқармасының кеңесшісі – Кониева Фатима Ибрагимовна өткізді.

Семинарды «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның көмегімен Комитет ұйымдастырды.

Семинарға Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және «Электрондық коммерция орталығы» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Семинарды ТМРБжТҚҚК төрағасының орынбасары Рустам Нұрланұлы Ахметов құттықтау сөзбен ашты.

Оқу семинары бәсекелестікке қарсы келісімдерді (картельдерді), бағалық сөз байласуларды (түрлері, белгілері, оның ішінде аукциондық роботттарды пайдалана отырып), монополияға қарсы істерді жүргізу (кезеңдері, рәсімдері және басқа сәттер), жоспардан тыс көшпелі тексерулер жүргізу тәртібі, сондай-ақ картельдер туралы істер, атап айтқанда сауда-саттықтағы талдау бойынша бәсекелестіктің жай-күйін талдау жөнінде елдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталды.     

Бұдан әрі Ресей ФМҚ-дан келген әріптестер бәсекелестікке қарсы келісімдерді (картельдерді), бағалық сөз байласуларды анықтау бойынша көптеген мысал келтіріп, Қазақстандағы әріптестермен өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтын жүргізу бойынша консультация берді, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі жөнінде жауаптар берді.     

Изменен: 27.06.2018 16:07