Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті
29.06.2018 12:29

Комитетте «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

2018 жылғы 28 мамырда Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде (ТМРБжТҚҚК) Келісу комиссиясының отырысы өтті, онда «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру қаралды.

Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Комитеттің
Астана қаласы бойынша департаменті Серіктестіктің әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану, атап айтқанда:

1) электр энергиясына төлемді құқыққа сыйымсыз есептеу;

2) электрмен жабдықтауды ажырату жөнінде тұтынушыларды хабардар етудің құқыққа сыйымсыз тәсілі бөлігінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау белгілері анықталды. 

Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы орган қызметкерлерінен басқа, Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығының төрағасы Ж.Ж. Ертілесова, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның вице-президенті Қ.Ж. Қалтұрсынов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.С. Тукиев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері және тергеп-тексеру объектісінен тәуелсіз сарапшы кірді.

Тараптардың дәйектерін тыңдай келе, мынадай шешімдер қабылданды:  

1. Бірінші сұрақ бойынша – комиссия мүшелері құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тергеп-тексеруді тоқтатуды ұсынды (4 дауыс - қарсы, 3 – тергеп-тексеруді пысықтау үшін);

2. Екінші сұрақ бойынша – комиссия мүшелері энергиямен жабдықтау ұйымының әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамының бар екендігімен келісті (6 дауыс - құқық бұзушылық құрамының бар екендігі үшін, 1 - қарсы). 

Комиссия отырысының хаттамасымен Комитеттің сайтында (www.kremzk.gov.kz) «Келісу комиссиясы» деген бөлімде танысуға болады.  

Изменен: 29.06.2018 12:31