Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

«Қаражыра» АҚ көмірді көтерме саудада жеткізушілердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
29.06.2018 12:32

«Қаражыра» АҚ көмірді көтерме саудада жеткізушілердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті көмір нарығындағы көтерме саудада жеткізушілердің экономикалық қызметін үйлестіру белгілері бойынша «Қаражыра» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. 

Тергеп-тексеру барысында Қоғамның әрекеттерінде көтерме сауда делдал компаниялардың қызметін үйлестіру фактілері анықталды, бұл кейіннен көмірге бағаларды белгілеу мен ұстап тұруға, сауда-саттықтың қорытындыларын бұрмалауға, сондай-ақ тауар нарығын көмірді сатып алу көлемі және сатып алудың құрамы бойынша бөлуге әкеп соқты.  

Осыған орай, Қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның материалдары одан әрі қарау үшін сотқа берілді. 

2018 жылғы 16 мамырда Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қоғамды ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекет кірісіне 2 405 000 (екі миллион төрт жүз бес мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.  

2018 жылғы 21 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық соты сот алқасының қаулысымен Серіктестіктің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды (қаулы ол жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді).

Изменен: 29.06.2018 12:34