Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Қазсушар» ШЖҚ РМК-нің суды арналар бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімін қарау кезінде жария тыңдаулар өтті
02.07.2018 17:35

Комитетте «Қазсушар» ШЖҚ РМК-нің суды арналар бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімін қарау кезінде жария тыңдаулар өтті

2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі кезеңде «Қазсушар» ШЖҚ РМК-нің суды арналар бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізді.

«Қазсушар» ШЖҚ РМК-нің суды арналар бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімі Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібіне (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының                     2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығымен бекітілген) сәйкес ұсынылды.  

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде жариялылықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің балансын сақтауды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығын және анықтылықты қамтамасыз ету мақсатында жария тыңдаулар өткізеді.

Жария тыңдаулар тұтынушылардың, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат өкілдерінің және табиғи монополиялар субъектілерінің қатысуымен Комитет төрағасының орынбасары Зарина Балтабайқызы Ботбаеваның төрағалық етуімен өтті. 

Жария тыңдауда спикерлер «Қазсушар» ШЖҚ РМК-нің өкілдері сөз сөйледі. 

Жария тыңдауларға қатысушылар 2018 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізе отырып "Қазсушар" ШЖҚ РМК-нің суды арналар арқылы беру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейінің және бірыңғай тарифтік сметаның жобасы бойынша өздерін қызықтарған сұрақтарды қойды.

 

Изменен: 02.07.2018 17:38