Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РМК-нің өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті
02.07.2018 17:54

Комитетте «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РМК-нің өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

2018 жылғы 29 маусымда Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Келісу комиссиясының отырысы өтті, оның барысында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РМК-ге қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы қаралды.

Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы орган қызметкерлерінен басқа «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның вице-президенті Қ.Ж. Қалтұрсынов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП-нің   өкілдері кірді.

Тергеп-тексеру шеңберінде Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті РМК-нің әрекеттерінде мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жасау бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген бұзушылық фактілерін анықтады.

Тараптардың дәйектерін тыңдай келе, Келісу комиссиясының мүшелері РМК-ге қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын бірауыздан қолдады.

Комиссия отырысының хаттамасымен Комитеттің сайтында (www.kremzk.gov.kz) «Келісу комиссиясы» деген бөлімде танысуға болады.  

Изменен: 02.07.2018 17:56