Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қырғыз Республикасының Ыстықкөл қаласында «Энергияға субсидияны тоқтату, Сұранысты шектеу және отынды ауыстыру» тақырыбында конференция өтті
28.06.2018 09:56

Қырғыз Республикасының Ыстықкөл қаласында «Энергияға субсидияны тоқтату, Сұранысты шектеу және отынды ауыстыру» тақырыбында конференция өтті

2018 жылғы 26 - 28 маусым аралығында Ыстықкөл қаласында (Қырғыз Республикасы) Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) «Энергияға субсидияны тоқтату, Сұранысты шектеу және отынды ауыстыру» тақырыбында конференция өткізді.

ХЭА-ның аталған конференциясына Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің атынан Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы Қалила Таңатқызы Көккөзова қатысты. 

Конференция барысында жаңартылатын энергия көздері және дәстүрлі станциялар, электр энергиясына тарифтерді саралау тәсілдері бойынша, сондай-ақ электр және жылу энергиясына субсидиялаудың әртүрлі түрлері және осы субсидиядан кету тетіктері бойынша баға белгілеу мәселелері талқыланды.   Отын түрлеріне сұранысты шектеу бағдарламалары және энергия тиімділігі мен энергиямен жабдықтау тетіктері талқыланды.  

Сондай-ақ отынды, тұтынудың қарбалас сәтінде тапшылықты азайту үшін энергияны сақтау мүмкіндіктері, энергетикалық субсидиялар, тарифтік әдіснамалар және орта мерзімді перспективада субсидиядан біртіндеп бас тартудың алдыңғы қатарлы әлемдік практикасының мысалдары қаралды. 

Изменен: 03.07.2018 09:58