Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Болашақ құрылысы» ЖШС-ның өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті
09.07.2018 15:31

Комитетте «Болашақ құрылысы» ЖШС-ның өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

2018 жылғы 9 шілдеде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Келісу комиссиясының отырысы өтті, онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші «Болашақ құрылысы» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы қаралды.  

Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы орган қызметкерлерінен басқа «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның өкілдері, сондай-ақ тергеп-тексеру объектісінен тәуелсіз сарапшы кірді.

Тергеп-тексеру шеңберінде Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Болашақ құрылысы» ЖШС-ның әрекеттерінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұру түрінде «Мир-2001» ЖШС-мен бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілері анықталды.

Тараптардың дәйектерін тыңдай келе, Келісу комиссиясы дауыстардың көпшілігімен Серіктестіктің әрекеттерінде қылмыс құрамының болуымен келісті және тергеп-тексеру объектісінен қосымша ұсынылған ақпаратты ескере отырып, қорытынды жобасын пысықтау талап етіледі деген қорытындыға келді.

Комиссия отырысының хаттамасымен Комитеттің сайтында (www.kremzk.gov.kz) «Келісу комиссиясы» деген бөлімде танысуға болады.  

Изменен: 10.07.2018 15:33