Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Әлия Кулагина, Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы, Егер сатып алушыны дүкенде немесе базарда таразыдан алдаса, кем өлшесе немесе кем есептесе не істеу керек туралы
26.06.2019 10:44

Әлия Кулагина, Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы, Егер сатып алушыны дүкенде немесе базарда таразыдан алдаса, кем өлшесе немесе кем есептесе не істеу керек туралы

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес кез келген азамат иеленетін тауардың, жұмыстың, немесе көрсетілетін қызметтің сапасын, жиынтықталымын, салмағын, көлемін, санын, мөлшерін тексеруге құқығы бар. Тұтынушы егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкін болатын болса, өзінің қатысуымен тауардың қасиеттерін тексертуді немесе оның дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетуді жүргізуге құқығы бар.

Тауардың салмағы, саны, ұзындығы және өзге де өлшемдері тұтынушының күмәнін туғызған жағдайларда сатушы (дайындаушы) аталған сипаттамаларды дербес тексеруге мүмкіндік беруге міндетті.

Тұтынушы кем өлшеу, таразыдан жеу, есептен жеу, тауардың сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыру фактілерін анықтаған жағдайда, оған осындай істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту құзыретіне жататын полиция органдарына жүгіну қажет. Басқаша айтқанда, Сіз полиция қызметкерлерін шақырта аласыз. Тауарды сатып алу фактісін растау үшін фотоға немесе бейнеге түсіруге болады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 18-бабы негізінде тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.

Тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Ішкі сауда қағидаларында тауарларды фотосуретке түсіруге шектеу жоқ.

Тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға фото, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынатынын білуі тиіс.

Егер тұтынушыны алдау дәлелденсе, онда сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 190-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік, яғни айыппұл қарастырылады.

Қайталап бұзушылық жасалған жағдайда айыппұлдар мөлшері ұлғаяды. Кейбір жағдайларда (елеулі және ірі залал) дүкенді белгіленген қызмет түрінің лицензиясынан айыруы, сондай-ақ, белгілі бір мерзімге қызметін тоқтатуы немесе тыйым салуы мүмкін.

Енді сізге тұтынушының құқығын қорғаудың қандай тәсілдері бар екені белгілі.

Мұны іс жүзінде қолданыңыз, сауатты тұтынушы болыңыз!

Тұтынушы ретінде Сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда Ак.Сәтбаев көшесі, 136, 412-каб., мекенжайы бойынша Департаментке хабарласа аласыз. Сонымен бірге, «Жедел желі» телефонына 8 (7182) 32-18-22 қоңырау шалуға болады.

Ә.КУЛАГИНА, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

Дереккөз: http://saryarka-samaly.kz/index.php?id=2836

Изменен: 25.06.2019 17:55