Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Алматыда монополияға қарсы қызмет саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша семинар өтті
02.07.2019 16:36

Алматыда монополияға қарсы қызмет саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен «ABA ROLI» американдық заңгерлер ассоциясының өкілдігімен бірлесіп, Алматы қаласында өткен «Монополияға қарсы қызмет саласындағы заңнаманы қолданудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысты.

Аталған іс-шара азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуде монополияға қарсы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.

Семинар-кеңесті Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева жүргізді.

Айгүл Қыдырбаева өз сөзінде монополияға қарсы қызмет саласындағы сот тәжірибесінің тұрақтылығы мен айқындығының жоғары маңыздылығын атап өтті.

Шараға «Қазақстандағы  құқық үстемдігіне бастамашылық» американдық  заңгерлер ассоциясы өкілдігінің басшысы Шолпан Ташмұхамбетова, халықаралық сарапшы, Макс Планктің атындағы халықаралық қоғамдық және халықаралық құқық институтының аға ғылыми қызметкері, доцент Др. Маттиас Хартвиг, халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің Орталық Азиядағы Миссия директорының орынбасары, Джулия Саузфилд, Жоғарғы Сот судьялары Нұрлан Сұлтанов пен Гүлжан Алмағамбетова, Алматы қалалық және Алматы облыстық,  Алматы қаласының аудандық, экономикалық және әкімшілік соттарының судьялары қатысты.

Жоғарғы Сот судьялары азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде монополияға қарсы қызмет саласында заң нормаларын қолдану туралы айтып берді.

Кейін Комитет төрағасының орынбасары Рустам Ахметов бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың нормаларын қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасады.

Азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде монополияға қарсы қызмет саласында заң нормаларын қолдану бойынша сұхбат жүргізу  соңында семинар-кеңестің қатысушыларымен белгілі бір ұсынымдар жасалды.

Изменен: 02.07.2019 16:37