Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Локомотив - 2030» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтті
12.07.2019 15:30

Комитетте «Локомотив - 2030» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтті

2019 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде (бұдан әрі – Комитет)  Комитет төрағасының орынбасары Зарина Ботбаеваның төрағалық етуімен «Локомотив - 2030» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтті.

Бұл «Локомотив-2030» ЖШС-ның алдағы уақытта 2019 жылғы 1 тамыздан бастап локомотивтік тартқыш қызметтеріне бағалардың өсетіні туралы хабарламасы еді. 

Жария тыңдауға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Локомотив-2030» ЖШС, «Қамқор Менеджмент» ЖШС және «ТрансКом» ЖШС-ның өкілдері қатысты.

Төрағаның орынбасары Зарина Ботбаева жария тыңдаудың барлық қатысушыларының қош келгендерін және оларға «Локомотив-2030» ЖШС жобасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіру қажет екендігін атап өтті. 

Жария тыңдауда «Локомотив-2030» ЖШС-ның қаржылық директоры Назгүл Жұмәділова спикер ретінде сөз сөйледі. 

Өз кезегінде, жария тыңдауларға қатысушылардың «Локомотив-2030» ЖШС жобасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертулері болған жоқ.

Қорытындылай келе Зарина Ботбаева «Локомотив-2030» ЖШС-ның хабарламасын Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қарау қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданатынын атап өтті. 

 

Изменен: 12.07.2019 15:32