Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қимолдаш Аяла, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы тұтынушылардың дәріханадағы құқығы туралы
12.07.2019 12:44

Қимолдаш Аяла, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы тұтынушылардың дәріханадағы құқығы туралы

Көптеген жағдайда дәріхана қызметкерлері тұтынушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қайтаруға және айырбастауға тыйым салынған Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, дәріханада сатып алынған сапалы тауарды қайтарудан немесе айырбастаудан бас тартады. Алайда, бұл дәріханада сатып алынған барлық тауарға қолданылмайды. Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын дәріханалық тауарлардың тізбесі бар. Бұл тізімге келесі тауарлар кіреді:

-Санитариялық-гигиеналық мақсаттағы заттар.

 -Ауыз қуысының күтіміне арналған заттар.

-Науқастарды күтуге арналған заттар.

- Науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын оңалтуға немесе қалпына келтіруге арналған құралдар.

 -Балаларды, оның ішінде жаңа туған балаларды күту құралдары мен заттары.

-Балалар, диеталық, емдеу-профилактикалық тамақ өнімдері және биологиялық активті қоспалар.

-Терімен, шаш күтіміне арналған косметикалық құралдар, гигиеналық ерін далабы.

-Минералды, емдік, асханалық, емдік-асханалық, ішетін су.

-Зарарсыздандыру заттары мен инсектицидтер (бөлшек саудада өткізу үшін өлшеп-салынған).

-Оптика заттары, көздің көруін үйлестіру үшін пайдаланылатын оптиканы қоспағанда.

Демек, егер сатып алынған тауар көрсетілген тізімге кірсе, онда сатып алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде, оның тұтыну сапасы мен тауарлық түрі сақталған жағдайда дәріханаға қайтару немесе айырбастау мүмкін болады.

Кеңес алу үшін, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Ақтау қаласы 9 шағын аудан, 23 ғимарат 315 кабинет, тел. 42-14-16.

 Дереккөз: "Тумба" газеті, № 88 (1 280) 2019 жылғы 11 шілде.

Изменен: 12.07.2019 15:49