Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тұтынушылар үшін ұсынымдар

Жасырын қауіп немесе улануды қалай болдырмауға болады
29.05.2017 16:21

Жасырын қауіп немесе улануды қалай болдырмауға болады

Жаз-күз кезеңі тағамдық уланулардың ең қауіпті шағы.  Себептері: тағам өнімдерін дұрыс емес сақтамаудан бастап қарапайым гигиеналық нормаларды сақтамауға дейін әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ретте ауру туғызатын бактериялар біз ойламаған жерлерді де болуы мүмкін. Сонымен өзімізді және жақындарымызды олардан қалай қорғаймыз, өнімдердің уақытынан бұрын бұзылуын қалай болдырмауға және денсаулықты қалай сақтауға болады? Осы бапта қысқаша айтып өтеміз.

Сонымен, әңгімемізді бастамас бұрын, қарапайым гигиеналық қағидалар туралы есімізге түсірейік. Тамақтанар алдында қолымызды тек анамыз үйреткені үшін емес,  біздің қолымызда  жай ғана пәтерде болған кезіміздің өзінде елестету қорқынышты микробтардың көп мөлшері болатындықтан жиі жууымыз қажет.

Сол сияқты барлық жидектерге де, көкөніс пен жемістерге де осы қатысты. Оларды мұқият жуу керек, тіпті сабынмен жусада болады және ыстық суға малып алса тіптен жақсы. Бақшада өсетіндерді базарларда кесіп көруге мүлдем болмайды.

Пышақпен кір қабығынан микробты ішіндегі қоймалжыңға енгізіп алсақ бұл тікелей біздің асқазанымызға түсетін улану болмақ. Сондай-ақ жидектерді немесе жемістерді тек қана қолмен немесе салфеткамен сүртіп пайдалануға болмайды. Тіпті сізге олар таза болып көрінсе де, шын мәнісінде бұл олай емес. Оларды мүмкіндігінше ағынды сумен жуу қажет. Бұл шіріген, бұзылған жидектерді, көкөністер мен жемістерді  пайдалануға қатаң тыйым салу керек  екендігін айытпағанның өзінде.  

Сондай-ақ сіз кір асүйлік раковина  унитазға қарағанда микробтардың көп бөлігін жинап алуы мүмкін екенін білуіңіз керек. Осы суретті елестетіп көріңізші! Ал ылғалды сүлгі мен тамшылар – бактериялар үшін керемет қоректену ортасы. Сүлгіні жиі ауыстырыңыз, раковинаны пайдаланғаннан кейін жай сумен емес, арнайы жуу құралдарымен  жууыңыз, жұмыс жасайтын беткі қабаттарды жууыңыз және құрғатып сүртіңіз.

Ал енді  сол тамақ пен оны дайындауға келсек. Жылытуға тура келетін тағамды тез суытып, содан соң 24-48 сағат ішінде пайдалану қажет. Яғни тоңазытқышта екі тәуліктен аспайтын мерзімде сақтаған кезде ол қауіпсіз болады. 5 немесе одан астам күн кейбіреулер сақтап, сосын «мен неден уландым? » - деп отырады.

Тағы бір артық болмайтын, бірақ ең маңызды кеңестердің бірі. Ас әзірлеу алдында сақинаңызды шешіңіз, себебі онда бактериялар болуы мүмкін. Бөлшектеу тақтайшалары, тіпті олап пластмассадан болса да бактерияларды жинауы және олардың көбеюіне жол беруі мүмкін екенін біліңіз. Оларды пайдаланғаннан кейін ыстық сумен және жуу құралдарымен мұқият жууыңыз және дайын және шикі азық-түліктер үшін әртүрлі тақтайшаларды пайдаланыңыз. Тақтайшаларда көп ақаулар пайда болғанда, оларды лақтырыңыз. Пышақтарға да осылар қатысты. Айытпақшы, шикі және дайын өнімдерге арналған тақтайшалар мен пышақтарды жеке-жеке, бір-бірінен бөлек  сақтау қажет.

Ал енді азық-түліктерді сақтау туралы айтайық. Азық-түліктерді дұрыс сақтаңыздар. Сатып алғаннан кейін оларды жылдам тоңазытқыщқа орналастырыңыз, тоңазытқышқа салу керек еместерін  құрғақ салқын жерде сақтаңыз. Азық-түліктерде көрсетілген жарамдылық мерзімдерінің аяқталуы бойынша оларды қауіпсіз деп есептеуге болмайды. Азық-түліктерді мұздатылған күйде сақтау, олардағы микрооргаизмдердің өсуін тежейді, тоңазытқышта температураны 0-5 градуста ұстаңыз, оны қатты толтырмаңыз, себебі бұдан температура жоғарлап кетеді.  Мұздатқыштағы температура -18 градустан жоғары болмауы керек.  Тазалық және азық-түліктерді  бөліп сақтау бактериялармен ауыспалы жұқтыруларды болдырмайды.  Шикі етпен қатар жатқан піскен етті сөрелерден сатып алмаңыздар. Тиісінше өздеріңізде олай сақтамаңыздар. Дайын және шикі азық-түліктерді бөлек сөрелерде сақтаңыздар.

Тағы бір білулеріңіз қажет нәрсе, ол мерекелік тағамдар әзірлегенде майонезі барлар әсіресе ыстық үй-жайда бірнеше сағаттан соң зиянды бактериялар пайда болатыны. Әсіресе егер оларды тағамдық үлдірмен жауып қойған болса. Бұл жылдам көбею үшін бактерияларға арналған ең қолайлы тәсіл. Швед столына кешке қарай жақындамаңыздар. Ал денсаулығыңызды сақтау үшін мүмкіндігінше көп адамдарға дайындалған жаппай дайын тамақтардан, швед столындағы араластырылған салаттарды мүлдем жемей-ақ қойсаңызда болады.

Тауық пен күркетауық  кез келген басқа азық-түлікке қарағанда  уланулардың үлкен санының себебі болып табылады. Басты қателік – дұрыс мұзын ерітпеу. Тұтас тауық арасында мұздық кристалдары болмауы керек. Дайындау уақытын ешқашан қысқартпаңыздар. Тауық етінен көптеген ауруларды сальмонелла туындатады. Бұл ретте ол тек қана 40 минуттық ыстық өңдеуде ғана жойылады. Көп қайнатсаңыз, соншалықты қауіпсіз болмақ.

Осы қағидаларды сақтай отырып, Сіз уланудан құтыла аласыз.  Ал, біз сізге тек қана денсаулық және тек қана әсерлі сезімдер  тілейміз!  

Изменен: 29.05.2017 16:22