Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тұтынушылар үшін ұсынымдар

Сұлулық салонына баруды қалай қауіпсіз етуге болады
29.05.2017 16:22

Сұлулық салонына баруды қалай қауіпсіз етуге болады

Қандай әйел сұлу болуды армандамайды? Қазіргі уақытта олардан ерлерде қалыспай сұлулық салонына барады. Ер адамдар тек шаш бастыру үшін ғана бармайды салонға. Біз бірақ қазір басқа мәселені айтамыз. Сұлулық индустриясына көзқарасыңыз бен онда барғандағы мақсатыңызды қалай барынша қауіпсіз етуге болады және келеңсіз жайттар болғанда не істеу керек? Осы туралы айтамыз.

Жақында Қазақстанды, Орал қаласындағы сұлулық салондарының бірінде  жасалған уколдан  үш баланың анасы 39 жастағы әйел қайтыс болды деген жаңалық дүр сілкіндірді. Пациент әйел  мәскеулік врач-косметолог жасаған  белгісіз препарат инъекциясынан кейін бірер минуттан соң қайтыс болған. Келіп жеткен «жедел жәрдем» оның өлімін ғана тіркеп, түсінік берді.

Кейіннен белгілі болғандай косметологтың Қазақстан бойынша дермато-косметологиялық қызметтер көрсетуге лицензиясы болмаған.  Маманның өзі қателігін мойындады, бірақ туыстарына моральды және материалды зиянды өтегеннен кейін зардап шеккен тарап, қайтыс болған әйелдің әкесі процессуалдық келісімге келді.

Бұл жағдайда адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіру орын алды. Бұған қоса осындай, бірақ бұдан жеңілдеу трагедиялық жағдайда  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес Тұтынушының тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) құрастыру, рецептілік немесе өзге де кемшіліктері салдарынан өз өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге құқығы бар. Сонымен қатар сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда тұрғанына немесе тұрмағанына қарамастан, кез келген тұтынушының тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеуді талап ету құқығы танылады.

Бірақ, осы жоғарыда айтылғаннан, сіз тіпті қарапайым шаш боятуға салонға бара жатсаңызда қауіпсіздіктің барлық шарасын қолдануыңыз қажет. 

Біріншіден, егер сіздің процедураңыз сізбен осы немесе басқадай тәсілмен өзар іс-қимылдағы қандай да бір химиялық элементпен байланысты болса, алерго-сынақ жасату қажет, сондай-ақ маманға сізде қандай реакциялар және қандай препараттарға болғанын айтыңыз.

Сонымен бірге салондағы барлық құралдар қандай түрде тазаланатынын сұраған артық болмайды. Осы үшін ең жоқ дегенде қыздыратын шкафтар мен арнайы зарарсыздандыратын бокстар болуы қажет.

Ең бастысы маманның, егер де бұл қызмет лицензияланатын болса, лицензиясы, егер лицензияланбайтын болса, тиісті сертификаттары болуы тиіс.  Күрделі немесе хирургиялық процедураларды  қарапайым сұлулық салондарында емес, мамандандырылған клиникаларда жасатыңыз. Мүмкіндігіңізге қарай, әсіресе егер де сіз күрделі және тәуекелмен байланысты процедураға бара жатсаңыз маманның кәсіби репутациясы туралы біліңіз. Ешқашан үйге келіп жасайтын қызметтерді пайдаланбаңыз.  Бұл жағдайда  косметологиялық процедуралар жүргізу үшін қажетті қарапайым тазалық стандарттары сақталмауы мүмкін екендігін есіңізде сақтаңыз.

Егер келеңсіз жағдай болып жатса және сізге қандай да бір залал келтірілсе немесе сіз жүргізілген процедурамен  мүлдем келіспейтін болсаңыз, сізге  нақты осы салонда қызметтер көрсетілгендігі фактісін тіркеу қажет. Сіз ақысын төлеген процедураға чек алу, ол болмағанда куәгерлердің дәлелдеулеріне жүгіну қажет. Содан соң сіз салон басшылығына жазбаша наразылықпен жүгіне аласыз. Егер наразылық  дұрыс әрекетпен қолдау таппаса немесе оған 10 күндік мерзім ішінде Сізге жауап бермесе, Сіз сотқа жүгіне аласыз.  Бұл ретте сізде, тек қана материалдық емес, сонымен бірге моральдік залалды өтеуді талап ету мүмкіндігіңіз бар.

Есіңізде болсын, ешқандай сұлулық сіздің өміріңіз мен денсаулығыңыздан артық емес! Деніңіз сау болсын және өзіңізге абай болыңыз! 

Изменен: 29.05.2017 16:23