Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тұтынушылар үшін ұсынымдар

Газдалған сусын: қолдайтындар да, қарсы болатындар да бар
29.05.2017 16:23

Газдалған сусын: қолдайтындар да, қарсы болатындар да бар

Газдалған сусындар біздің өмірімізге еніп, күнделікті қолданылатын сусынға айналды. Әсіресе жастар жағы осы бір қышқылды, газбен толтырылған және бояғыштар қосылған сусынды су орнына ішуді әдеттенген.  Диетологтар мен эндокринологтар осы сусынның зиянын айтып, көптен бері дабыл қағуда.  Бірақ жастар мұны түсінбейді, түсінсе де сүйікті сусыннан бас тартқылары жоқ. Ал жарнамашылар осы сусындардың зиянсыздығын ғана емес пайдалылығы туралы да жар салып, аңыз қылып айтуда. Олардан пайда да бар әрине, бұл туралы сәл кейінірек айтамыз.

Газдалған сусын неден жасалады? Мұны барлығымыз білеміз. Өндірушілерді газдалған тәтті сусындар бояғыштардан, хош иісті эссенциялардан, көмірқышқыл газынан және жай судан тұратынын жасырмайды да.  Осы сұйықтықты көп мөлшерде қолданатын адамдар осы қоспа ауызға түскенде тілдің рецепторы қанағаттанушылық пен шөлді басудың жалған әсерін алатынын біле ме деген бұл басқа әңгіме. Психологиялық тұрғыдан адам сусын ішкенін сезінеді. Іс жүзінде ағзаға қорқынышты қоспа түседі, ол шөлді қандырып қана қоймай, оны залалсыздандыру үшін көп мөлшердегі таза суды талап етеді. Газ көпіршіктерінің тербелісті әсері шырышты қабат пен өңешті тітіркендіреді,  ал бұл қайтадан шөлдеуге әкеледі. Өте түсініксіз әсер: газдалған сусынды қанып іше алмайсыз. Оны қатй қайта іше бергіңіз келеді. Бұл ағзаны сұйықтықпен  толтыру үшін емес алдауға арналған су ішу. Бұл ретте, ол үйренісуге және кейде тіпті тәуелділікке әкеледі. Сондықтанда тіпті өз денсаулығын ойлаған адамның өзіне осындай сусынға құштарлығын қою қиын болады.

Құрамына келетін болсақ. Шырышты қабатты көпіршіктермен тітіркендіру бұл газдалған сусынды ішу қажет пе деп ойлануға бір ғана себеп емес. Әдемі және тартымды бөтелкедегі тағы бір қауіпті себеп бұл – қант. Көпіршікті сусынның бір стаканында  толтырылған төрт ас қасықпен қант бар. Суда ерітілген газдың арқасында қант инсулинді қантты қорыту үшін жоғары жылдамдықпен түзуге мәжбүрлей отырып  бауыр мен қанға  жылдам түседі. Оның ізінше дофамин – гормон түзіледі. Ал ол ағзада қалыпты мөлшерде болуы тиіс. Мұның барлығын бір ғана стаканнан болатындар! Ересек адам күніне қанша стакан ішеді? Ең аз дегенде 3-5 және 7-8 стаканға дейін! Қанға қанша қант түсті? Қант диабеті, гипертония, атеросклероз белгілері мен өзге де аурулар  көпшілік ойлап келгендей «жүйкеден» емес, қажетті білімнің болмауынан пайда болады. 

Кейбір өндірушілер осы сусынды одан әрі дамыта түсті. Олар қант ауыстырғышымен калориясы төмен сусындар шығара бастады. Қалай ойлайсыздар, олар қантты немен ауыстырды? Міне, мыналармен:

  • Ксилит, шайнайтын сағыз жарнамасының арқасында барлығымызға таныс, бүйректе тастардың жиналуына әсер ететін қауіпті зат болып табылады.
  • Сорбитол Е420 және аспартам Е951 бауырға немесе бүйрекке еш әсері жоқ. Олар тек қана көздің торлы қабығын әлсіретеді, адамның біртіндеп көру қабілеті төмендейді.
  • Сахарин (толуолдан) және қанттан 40 есе тәтті және канцероген болып табылатындықтан 80 есе қауіпті цикламат. Ағзада жиналып, рак ісіктерінің қоздырғыштарына айналады.  

Ал егер де Сіз, осы«керемет» сусын туралы әңгіме бітті деп ойласаңыз, қателесесіз. Оның құрамында тағы қышқыл деген компонет бар. Шашқа арналған су сабын жарнамасы есіңізде болар, өндіруші назарыңызды pH деңгейіне аудартады? Бұл шаш пен бас терісіне арналған. Сіз білесіз бе тәтті газдалған сусын үшін pH 2,5-ке тең. Сірке қышқылында да көрсеткіш шамамен осындай! Газдалған сусын онымен өзара әс-қимылға түсетіннің бәрін қышқылдандырады. Кейбір газдалған сусынмен тот басып қалған жерлерді тазалайды. Жүйелі түрде осы сусынды ішкенде сіздің ағзаңызда не болып жатқанын елестетіңіз!

Ал енді консервантты қалай қоспайды? Газдалған сусындарда негізінен бензоат натрия қолданылады. Бұл ең танымал консерванттардың бірі. Мұның аты күмән туғызатыны бекер емес екен,  бензоат натрияны тағамдық азық-түліктер мен газдалған сусындардағы микробтық бақылау үшін пайдаланады. Реакцияға түскенде бензоат натрия ағзадағы калий санын төмендетеді, ал бұл өз кезегінде бөрітпеге, крапивницаға, экземаға және тіпті асмаға әкелуі мүмкін.

Мұндай сусындардың пайдасы да бар, егер оларды тікелей мақсаты бойынша емес  қолдансаңыз. Мысалы, шәйнектегі қайнаған газдалған су  қақты, лимон қышқылы немесе сірке қышқылына  қарағанда кетіруде  жақсы көмектеседі. Бұл нені білдіреді?  Алкогольсіз  қышқылды көпіршіктер -    жағымды иісі мен дәмі бар жай ғана химиялық тұнба. Айтпақшы, тұзды қышқылы бар асқазан сөлімен реакцияға түскенде  бұл сусындар шырышты қабатын бұзатын жағдайға әкелуі мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда – аз ішіп, оны қорытуға тырысу қажет.

Әрбір газдалған сусында кофеин бар. Бұл заттар аз мөлшердің өзінде сергітеді, оны тіпті емдеу мақсатында да қолданады. Бірақ ағзаны кофеинмен тұрақты қоректендіру кезінде жағымсыз кері әсерлері болуы мүмкін. Олар бас ауруы, шаршау, бұлшықеттердің ауруы және қалтырау, жүректің айнуы және құсу. Бұл белгілер тұмауға ұқсайды, бірақ мұндай ағзаның реакциясына күн сайын ішіп жүрген сүйікті газды сусыныңыздың бір бөтелкесі әкелуі мүмкін. Айытпақшы, ғалымдардың пікірі бойынша, кофеиннің кесірінен бала көтеру  50%-ға төмендейді екен. Сонымен қатар кофеин энергетикалық сусындарда көп мөлшерде бар екен. Бұл сусынға газдалған сусынның барлық пайдалы қасиеттерін жатқызуға болады, сонымен қатар бұған  кофеиннің тағы біршама жоғары мөлшерін және пайдасы аз химиялық элементтердің бір-екеуін қосыңыз. Энергетикалық сусындарды пайдаланудан оң әсер алуға да болады – бұл энергия тасығандай әсер, бірақ ол ұзақ болмайды, есесіне түрлі «қызықты салдарларға» әкеледі:

  • Энергетикалық сусындарды ішудің нәтижесінде қан қысымы және қандағы қант артады.
  • Энергетикалық сусынның өзі энергиямен толтырылмаған, ол оны адам ағзасының ішкі резервтерінен тартады.
  • Энергетикалық сусынның әсері біткен соң шаршау, ашушаңдық, ұйқысыздық және күйзеліс басталады.
  • Энергетикалық сусын құрамындағы кофеин жүйке жүйесін тоздырады және сонымен қатар оған тәуелділікке әкеледі.
  • Энергетикалық сусын құрамындағы "В" дәрумені қол мен аяқтың дірілдеуіне,  сондай-ақ жүрек қағысының жиілеуіне әкеледі.
  • Іс жүзінде барлық энергетикалық сусындардың колориясы жоғары.
  • Энергетикалық сусындарды шамадан тыс мөлшерде ішуден де кері әсерлі салдарлар туындайды – жүйкенің тозуы, психомоторлық қозу және күйзелістік жай-күй.

Сондықтанда сіз өзіңізге не қажет екеніне қорытынды шығарыңыз, жылдам әрі тез болатын қанағаттану немесе энергия ма жол әлде сіз бен балаңыздың денсаулығы ма!

Бапта мынадай сайттардың  материалдары пайдаланылды: poedim.ru; zdorovoedim.ru; ovrede.ru

Изменен: 29.05.2017 16:25