Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тұтынушылар үшін ұсынымдар

Ұшу кешіктірілсе, не істеу керек?
29.05.2017 16:25

Ұшу кешіктірілсе, не істеу керек?

Демалысқа дайындалған қандай жақсы, алда бақытты сәттер күтіп тұр. Әлемді биіктен көріп, өзіңді самғап ұшқан құстай сезіну туралы армандайсың. Бірақ кейбіреулер үшін ұшулар күнделікті әдетке айналған қалыпты іс, бірақ екі жағдайда да рейстің кешіктірілуі ешкімді қуанта қоймасы анық. Сізге қатысты емес жайттар бойынша ұшуды кешіктірген болса не істеуіміз керек? Бұл ретте біздің неге құқықтарымыз бар, өз залалдарыңызға қалай өтемақы алуға болады және өз құқықтарыңды мойындату үшін қандай шара қолдану қажет? Осы туралы айтамыз.

Сонымен артық сөзсіз нақты мәселеге көшсек. Егер, сіз билет алған ұшақ кешіктірілген болса, сіздің қандай құқықтарыңыз бар?

Рейс кешіктірілген жағдайда тасымалдаушы 7 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ана мен бала бөлмесін беруге міндетті. Рейс 2 сағаттан астам кешіктірілген жағдайда авиакомпания жолаушыларды салқын сусынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ  2 ақысыз, оның ішінде шетелге телефон қоңырауын шалуды ұсынады немесе 2 электронды хат жіберуге рұқсат етеді . Егер ұшақтың кешіктірілуі 4 сағаттан астам болса онда авиакомпания жолаушыларға ыстық тамақ беруге міндетті. Ал ұшуды кешіктіру  күндіз 8 сағаттан астам және түнде 6  сағаттан астам болғанда  жолаушыларды қонақүйге  тегін орналастырады.

Әділдігінде авиакомпания жолаушылардың қауіпсіздігімен байланысты  себептер бойынша ескертусіз ұшуларды болдырмауға, кешіктіруге немесе ауыстыруға, сондай-ақ бағытты немесе қону пунктін өзгертуге құқылы. Егер кешіктіру себепсіз болса, онда тасымалдаушыға шығыстарды өтеу туралы және авиатасымалдау  мерзімдерін бұзушылық  үшін тұрақсыздық төлемін төлеу туралы талаптарды қоюға болады.  Бұл үшін авиакомпания қызметкерін тауып алу қажет, көп жағдайда  ол ұшақ ұшатын орынға шығатын жердің қасында тұрады. Егер оны ол жерден таппаған болсаңыз, тіркеу үстеліне барыңыз, бұған қоса сіздің компания өкілдерін іздеуге болады.  Тіпті болмаса әуежай әкімшілігіне жүгініңіз.

Авиатасымалдаушы кінәсінен ұшу кешіктірілген жағдайда, ол жолаушыға күтудің әрбір сағаты үшін билет құнынан 3% мөлшерінде өтемақы төлеуге міндетті. Бірақ бұл үшін авиакомпания қызметкері сіздің билетіңізге рейс шындығында кешіктірілгені туралы белгі қоюы тиіс. Егер сізге ұшу әуежайында мұны істеу мүмкін болмаса, сізге оны қонған соң жасауға болады.  Белгі, уақытты көрсетіле отырып жасалады, ол қонудың кешіктірілгенін растайды. Бұл нормалардың барлығы Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларында жазылған.

Егер сіз авиакомпания қызметкерінен сусындарға талон ала алмасаңыз, кафеден бірнәрсе алуға қорықпаңыз. Егер сізде  рейстің кешіктірілгені туралы белгі болса, қонғаннан кейін авиакомпанияға наразылық өтінішін беріп өз шығыстарыңызды өтеткізе аласыз. Бұл үшін өтінішке қону талонын, рейстің кешіктірілгенін растайтын құжатты және чектерді қоса бересіз.

Ауысумен ұшатын жолаушылар не істейді? Сіз келесі ұшаққа кешіге алмайсыз ғой. Бұл жерде барлығы сіздің қолыңызда қандай билет екендігіне байланысты.  Егер сіз екі әртүрлі билет алған болсаңыз авиакомпания сізге екінші  ұшаққа кешіккеніңізді  өтей алмайды. Егер ауысумен ұшу бір билет түрінде сатып алынған болса, онда авиакомпания таяу мерзім ішінде сізді сол бағыт бойынша ұшатын рейспен  жібереді және қону орнынан  ауысу ұшағына отырғызады.

Осы Қағидалар Қазақстандағы өтемақыларға қатысты. Егер ұшақты кешіктіру авиатасымалдаушының кінәсінен болған болса онда 3 сағаттан астам кешіктірулер мынадай мөлшерде төленеді:

  • ұшу алыстығы 1500 км-ден кем болғанда  250 евро;
  • ұшу алыстығы 1500-3500 км болғанда  400 евро;
  • ұшу алыстығы 3500 км-ден астам болғанда және 3-4 сағатқа кешіктірілген жағдайда  300 евро;
  • ұшу алыстығы 3500 км-ден астам болғанда және 4 сағаттан астам кешіктірілген жағдайда 600 евро.

Сізге мәлім болғандай, жолаушылар құқықтары сізге рейс кешіктірілген жағдайда  өтемақыға және ұшақтың ұшуын әуежайда немесе қонақ үйде күтуге кепілдік береді. Алданған тасымалдаушы болып көрінбес үшін уақытқа қарап, барлық чектерді сақтаңыз. Сонымен қатар комапниядан ұшу кешіктірілгеннен, сіздің маңызды кездесуіңіз болмай қалса немесе ақы төлеп қойған экскурсияны жіберіп алған болсаңыз, өтемақы талап етуге қысылмаңыз.

Мақалада мынадай сайттан материалдар пайдаланылды: anydaylife.com

Изменен: 29.05.2017 16:26