Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тұтынушылар үшін ұсынымдар

Қайтарғым келеді, бірақ қалай? Қайтару мерзімдері
29.05.2017 16:27

Қайтарғым келеді, бірақ қалай? Қайтару мерзімдері

Кейбір кезде өз құқықтарымызды бұзушылықтар болған жағдайда, біз жеңіл өз құқығымызды қорғай аламыз, бірақ әрбір жағдайда біз мұны жасай алатындай қатаң сақталуы тиіс белгілі бір мерзімдер бар. Одан кешіксек біздің талаптарымыз құқыққа сай болмай қалады. Қандай мерзімдерде және қандай тауарларды біз қайтара аламыз, сондай-ақ жарамдылық мерзімі мен кепілдік мерзімі дегеніміз не және олар қайтару мерзімдеріне қалай әсер етеді, біз осы бапта білетін боламыз. 

Қарапайым нәрседен бастайық. Тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге осы немесе басқа себептер бойынша, мысалы, өлшемі, түсі немесе фасоны бойынша сізге ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сізге сатушыға 14 күн ішінде жүгіну қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15-күні анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен келісуге тура келеді. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды. Ал егер де сатушы 14  күнге дейінгі мерзімде оны айырбастаудан бас тартатын болса, шындық сіздің жағыңызда болады. Сіз тауарды пайдаланып, сосын оны қайтаруға тырысып жатқан жағдайды қоспағанда. Айытпақшы, сатушы тарапынан мерзімдер бойынша  сұрақтар туындайтын болса, сіз оған тиісті сападағы тауарларды қайтару мерзімдері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»  ҚР Заңының 14-бабында реттелетіндігін хабарлай аласыз. 

Тиісті сападағы емес, яғни егер кемшіліктері немесе ақауы анықталған  тауарларға қатысты айтарымыз барлығы мейлінше күрделі.

Егер де сіз тауарда кемшілікті анықтасаңыз, онда сіз тауарды айырбастау мен қайтаруға  ғана емес, сонымен қатар, бағасын тең мөлшерде азайтуға, яғни кемшіліктерді ақысыз жоюға немесе сіздің жөндеуге кеткен шығыстарыңызды өтеуге жеңілдікке құқықтарыңыз бар.

Жоғарыда жазылған барлық талаптарды қоюдың мерзімдері туралы айтар болсақ, олар тауарға қатысты бірнешеге бөлінеді. Олар туралы рет-ретімен айтып өтсек.

Егер сіз сатып алған тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса және сіз кемшіліктерді осы кезеңде анықтасаңыз сіз  жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өз талаптарыңызбен жүгінуге тиіссіз.

Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, онда сіз кепілдік мерзімі ішінде анықталған оның кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылысыз.

Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады.

Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан аз уақытты құраған және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілдік мерзімі өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады. Осы нормалардың барлығы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында көрсетілген.  Сіз сатушыға осыны айтып, дүкенге келгенде өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.  Сізге, егер тауарлардың белгілі бір санатына кезігетін болсаңыз, сөзссіз пайдалы болатын тағы бір бап бар. Бұл  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабы. Онда былай делінген сатушы немесе дайындаушы жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Мәселені толық түсіну үшін нақтылап алайық.  жарамдылық мерзімі – бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі. Ал кепілдік мерзімі – тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) дайындалған, сатып алынған күннен бастап есептелетін, осы уақыт кезеңі ішінде тауар тиісінше пайдаланылған және сақталған жағдайда, сатушы (дайындаушы, орындаушы) оның (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беретін, сатушы (дайындаушы, орындаушы), Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым.

Енді, сіз нені, қалай жасау керек екенін білесіз. Өз құқықтарыңызы қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Изменен: 29.05.2017 16:28