Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Тұтынушылар үшін ұсынымдар

05.06.2019 11:15

ЖҮҚ бойынша

Жалпы үй қажеттіліктеріне тұтынылған электр энергиясына жұмсалған шығындар.

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – заң) 2-бабының 24-тармағына сәйкес, ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі).

Заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар ай сайын жүргізіледі.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшері үй-жайдың (пәтердің) меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді.

«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері тікелей қызмет көрсетушімен не кондоминиум объектісін басқару органымен жасалған шарттың негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысы кондоминиум объектісін басқару органының қызмет көрсетушімен осындай шарт жасасуы туралы шешім қабылдаған жағдайда, үйге ортақ мұқтаждарға пайдаланылатын коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды көтереді».

Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының (бұдан әрі – Қағидалар) 32-тармағымен  орнатылған, ПИК жалпы үй мұқтаждықтарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен бекітілген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады.

Осы Ереженің 6-тармағына сәйкес, тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттар жасау жөніндегі өздерінің құқықтарын жеке пәтер иелері кооперативтеріне (бұдан әрі – ПИК) немесе өзге жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқығы бар.

Ереженің осы тармақтары тұтынушы ПИК шарттарын жасау бойынша өз құқығын берген жағдайда, Қызметтерді төлеу тәртібін ғана анықтайды.

Заңның 42-1-бабының 1-тармағына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралады және қабылданады.

Осылайша, үйдің тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін энергия сатып алу шығындары жалпы мүлікті ұстауға арналған тұрғын үйдің шығыстары болып табылатындықтан - бұл шығындарды тұтынушылардың өздері төлеуі тиіс, немесе пәтер иелері заңнамада белгіленген тәртіппен ПИК немесе басқа да қызмет көрсететін ұйымға келісім-шарт жасау бойынша өз құқықтарын беруге тиіс. Өз кезегінде қызмет көрсетуші ұйымдар ТҮҚ төлеу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарласып, өз еркімен міндеттемелерді қабылдауы тиіс, сонымен қатар энергиямен жабдықтаушы ұйым ПИК және басқа да қызмет көрсететін ұйымдарды жалпы үй қажеттіліктерін төлеуді міндеттеуге құқылы емес.

Изменен: 05.06.2019 11:18