Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4 кіреберіс, Орынбор көшесі, 8
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01,
74-36-69, 74-34-67
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz
Сенім телефоны: +7 (7172) 74-99-71

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі», 4-кіреберіс, телефондар: 8 (7172) 74-91-18, 74-95-07, факстар: 8 (7172) 74-96-10.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

Шағым қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол қаралуға қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.