Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Қолданылған әкімшілік жазалар туралы

05.07.2018

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Картельдермен күрес басқармасы қолданған әкімшілік айыппұлдарға қатысты

Комитет Комитеттің Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының (газбен жабдықтау жобаларын келісу қызметтерін, газ аспаптарын пломбылау, өзінің таратушы газ құбырларына бастапқы қосылған кезде, шкафты газ реттеуші пунктке қосылған кезде газды жіберу және кесу) және Алматы өндірістік филиалдарының (газ аспаптарын пломбылау, өзінің таратушы газ құбырларына бастапқы қосылған кезде газды жіберу және енгізу), тиісті тауар нарығына қол жеткізуді шектеу, атап айтқанда газдандыру жұмыстарына (өнімді өткізу нарығын ұлғайту бойынша кешенді жұмыстар, қосымша тұтынушыларды тарту, Шымкент қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстарды орындау) тендер бойынша бір лотқа біріктіруден көрінген нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге кедергiлер жасау бойынша монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғалып, Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама шығарылды.

Астана қ. МАӘС-тің 2018 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 13 360 700 теңге айыппұл салынып, 13 764 929 теңге монополиялық кіріс тәркіленіп әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласы сотының 2018 жылғы қаулысымен жоғарыда аталған шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Астана қ. МАӘС-тің 2018 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Комитеттің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 1 нұсқамасын толық көлемде орындамау бөлігінде ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік айыппұл 2 693 600 теңгені құрады (айыппұл толық төленді).