Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Сот процестері туралы

25.09.2018

2018 жылғы үшінші тоқсанда Картельдермен күрес басқармасы қызметкерлерінің сот істеріне қатысуына қатысты

2018 жылғы үшінші тоқсанда Басқарма қызметкерлері 4 сот талқылау бойынша 10 сот отырысына қатысты:

1) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны 13 360 700 теңге айыппұл салынып және 13 764 929 теңге монополиялық кірісті алумен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы МАӘС-тің 2018 жылғы 15 мамырдағы қаулысының күшін жою туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның талабы бойынша. Сот талқылауының нәтижелері бойынша Астана қаласы сотының 2018 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды;

2) монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, тиісті тауар нарығына кіруді шектеу, атап айтқанда газдандыру жұмыстарына тендер бойынша бір лотқа біріктіруден көрінген нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге кедергiлер жасау бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шығарылған Комитеттің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 35-16-10/506 нұсқамасының (бұдан әрі - нұсқама) күшін жою туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның азаматтық талап қоюы бойынша. Сот талқылауы нәтижелері бойынша Астана қ. МАӘС-тің 2018 жылғы 26 шілдедегі шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға Комитеттің нұсқамасының күшін жою туралы азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды;

3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою туралы Комитеттің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 1 нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға Комитеттің азаматттық талап қоюы бойынша. 2018 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қ. МАЭС-тің сот талқылауы аяқталған жоқ;

4) Комитеттің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 35-16-10/506 нұсқамасын заңсыз деп тану және күшін жою бөлігінде талап қоюдан бас тарту туралы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 26 шілдедегі шешімі бойынша процестік мерзімдерді қалпына келтіру туралы «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның өтініші бойынша. Сот талқылауы нәтижелері бойынша Астана қ. МАЭС-тің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі ұйғарымымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға  процестік мерзімдерді қалпына келтіруден бас тартылды.