Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Сот процестері туралы

31.12.2017

2017 жылы Отын-энергетика кешені саласындағы тергеу басқармасы қызметкерлерінің сот істеріне қатысуына қатысты.

         1. ТМРБжТҚҚК тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қозғалған «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс бойынша.

         Сот талқылауының қорытындысы бойынша Астана қаласы МАӘС-тің 2017 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен Қоғам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 148 032 теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         2. ТМРБжТҚҚК тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қозғалған «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс бойынша.

         Сот талқылауының қорытындысы бойынша Астана қаласы МАӘС-тің  2017 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, Қоғамға қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.      

 

         3. ТМРБжТҚҚК тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қозғалған «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс бойынша.

         2017 жылғы 28 қарашада Астана қаласының соты прокурордың апелляциялық өтінішін қанағаттандыра отырып, Астана қаласы МАӘС-тің  2017 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысының күшін жою (сілтеме) және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 4-бөлігінде көзделген бұзушылық жасағаны үшін 944 855 296 теңге көлемінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.

Ескерту:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2018 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен аталған іс жаңа апелляциялық қарауға жіберілді.

Қайта қарау шеңберінде қалалық сот құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, аталған іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы етті.