Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел, 8 подъезд 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

Будут учтены интересы потребителя и услугодателя
02.10.2019 09:13

Будут учтены интересы потребителя и услугодателя

Соңғы жылдары Қазақстанда халықты әлеуметтік қолдау бағытында көптеген игілікті шаралар жүзеге асырылуда. Бұл орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік әлсіз топтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің кеңінен қамтылған шараларын қабылдағанын атап өтуге болады. Әлбетте, қаржылық қолдау көрсету – жақсылықтың нышаны. Оны әркім қуана қабылдауы заңдылық. Алайда тариф, яғни баға саясаты жан-жақты ойластырылған, өнім өндіруші мен тұтынушының мүдделерін үйлестіре отыратындай деңгейде қалыптасуы қажет деп есептейміз.

Тариф бекіту – күрделі үдеріс. Әдетте, табиғи монополия субъектілері өздеріне жоға­рыдан таңылған бағаларға қанағаттана бермейді. Өз­де­рінің ысыраптарын дәлел­дейді. Бағаның өзіндік құнына, оны қалыптастыратын шы­ғын­дарға талдау жасайды. Бұл орайда әркімнің өз құқын қорғауға міндетті екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан монополистер өті­нім­деріне сергектікпен қарау біздің тарапымыздан да әр­дайым ескеріліп отырды.

Бірақ уақыт алға жылжуда. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан дамудың бірнеше кезеңінен өтті. Қазір нарыққа тереңдеп енген сайын біз бәсекелестік ортаның қалыптасқанының куәсі болып отырмыз. Ал нарық заңы бұл – бәсекелестік орта. Шынайы бәсеке болмай бағаны үнемі мемлекет тарапынан қадағалап, бекітіп отыру да бүгінгі күннің талабына қайшы келеді. Уақыт өте келе біз бәрібір осы ұстанымға келетініміз анық.

Маңызды мәселені атап өткім келеді. Президент Қ.Тоқаев жолдауында ха­лықтың бір бөлі­гінің квази­мемлекеттік кәсіп­орындарда істеп, мемлекет қаржысымен қаржы­лан­дырылып отыруға дағды­ланғанын атап көрсетті. Сонымен бірге бәсекелестік ортаға бейімделу маңызды екенін айтты. Қалай болғанда да бұл – өмірдің өзі алға тартып отырған талап. Бұл монополист субъектілеріне қатысты мәселе екенін де айтқымыз келеді. Алдағы уақытта табиғи монополия субъектілері қызмет түрлерінің мемлекет реттейтін бағалары да шек­телетін болады. Енді бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталайық.

Табиғи монополия субъек­тілердің реттелетін қызмет­терін тұтынушылардың заңды мүдделеріне және құ­қық­тарына шек қоюға жол бермеу мақсатында жүзе­ге асырылатын табиғи моно­полия саласындағы мемле­кет­тік бақылаудың бір түрі табиғи монополия субъек­тілерімен бекітілген тариф­тік сметалардың және ин­вестициялық бағдар­лама­лардың орындалуына бақылау жүргізу болып табылады.

«Табиғи монополиялар ту­ралы» Қазақстан Респуб­ли­­касы Заңының талап­та­ры­на сәйкес табиғи мо­но­полия субъектілері бе­кі­­­тіл­ген тарифтік смета­ның, инвес­тициялық бағдар­ла­маның іс-шараларын ор­ын­­дауға және олардың орын­­да­луы туралы есептерді уә­кі­летті органға ұсынуға міндетті.

Осылайша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызыл­орда облысы бойынша депар­таментіне 31 табиғи монополия субъектісі 53 тарифтік сметаның орындалуы туралы және 8 бекітілген инвестициялық бағдар­лама­ның орындалуы бойынша есептерін ұсынды.

Субъектілермен тарифтік сметалардың орындалуына талдау жүргізу барысын­да департамент тарифтік сметалардың шығын бап­тары­ның игерілмеуі, аморти­зациялық аударымдар сома­сын мақсатқа сай пайдалан­бау, электрэнергия, ЖЖМ, шикізат, материалдар нормалары мен нормативтерінің сақталмау фактілерін анықталды.

Тарифтік сметалардың орын­­­далуына жүргізілген тал­даудың нәтижесінде департамент 18 табиғи монополия субъектісіне қолданыстағы та­рифтерін 0,1%-тен 88,2%-ке дейін төмендету туралы 29 уақытша өтемдік та­риф енгізді. Ондағы тұ­тынушыларға келтірілген залалды қайтару сомасы 1269,98 млн теңгені құрады, оның ішінде реттелетін салалар бойынша:

- электр және жылу энергетикасы – 357,22 млн теңге;

- кірме жолдар – 13,02 млн теңге;

- сумен жабдықтау және суды бұру – 820,19 млн теңге;

- мұнайды қайта айдау – 79,55 млн теңге құрайды.

Осылайша, мысал ретінде: 2019 жылғы 1 тамыздан бас­тап тұрғындар үшін жылумен жабдықтау қызметіне 1 Гкал-ға ҚҚС-мен: «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-не 2583,84 теңгеден 2452,08 теңгеге дейін немесе 5,1%-ке, «Сырдария-Нұрдаулет» ЖШС-на 3757,15 теңгеден 561,3 теңгеге дейін немесе 85,1%-ке төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер енгізілді.

Үстіміздегі жылғы 1 қыр­күйектен бастап тұр­ғын­дар үшін уақытша өтем­дік тариф­тер: жылумен жаб­дық­тау қызметіне 1 Гкал-ға ҚҚС-мен «Қызылорда­жылу­электрорталығы» МКК-на 2834,82 теңгеден 2799,66 тең­геге дейін немесе 1,2%-ке тө­мен­детілді. «Қызылорда­жылу­­электр­орталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалына 2168,64 теңгеден 1911,57 теңгеге дейін немесе 11,9%-ке, сумен жабдықтау қызметіне текше метрге ҚҚС-мен «Қызылорда су жүйесі» МКК-на 47,31 теңгеден 41,46 теңгеге дейін немесе 12,4%-ке, суды бұру қызметіне 53,66 теңгеден 46,42 теңгеге немесе 13,5%-ке төмендетілген. «Қазалы су сервис» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне текше метрге ҚҚС-мен 97,17 теңгеден 80,91 теңгеге дейін немесе 16,7%-ке, суды бұру қызметіне 61,57 теңгеден 50,95 теңгеге дейін немесе 17,2%-ке түскен. «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалына орташа босату тарифі магистральды және таратушы желілер бойынша текше метрге ҚҚС-мен 580,71 теңгеден 504,09 теңгеге дейін немесе 13,2%-ке, таратушы (локалдық) желілер бойынша 386,95 теңгеден 242,15 теңгеге дейін немесе 37,4%-ке төмендетіліп, 1 тамыздан бастап суды бұру қызметіне тұрғындар үшін текше метрге  ҚҚС-мен 104,39 теңге­ден 94,79 теңгеге дейін немесе 9,2%-ке төмендетіліп енгізіледі. Сонымен қатар, тұрғындар «Арал» СЖКБД филиалының сумен жабдықтау қызметіне субсидияланған тарифпен төлейді, яғни текше метрге ҚҚС-мен есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін – 30 теңге, есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 40 теңге құрайды.

Алға қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында департамент монополистерге бақылауды күшейтті. осыған байланысты тарифтік сметаны орындамағаны үшін 22 табиғи мо­нополия субъектісі әкім­шілік жауаптылыққа тар­ты­лып, сомасы 28,2 млн тең­геге әкімшілік айыппұл салынды.  

Табиғи монополия субъек­тілеріне қатысты жоғарыда көрсетілген барлық бақылау шаралары тұтынушылардан рет­телетін қызметтерге негіз­сіз төлемақы алуға жол бермеуге, монополистердің заңсыз әрекеттеріне бөгет болуға ықпал етеді. реттелетін ком­му­налдық қызметтердің тариф­­тері өзгеруінен болатын инфляцияға салымның нақты деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Гүлмира ӨТЕГЕНОВА,

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи

монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы.

Источник:https://syrboyi.kz/akparat/33243-ttynushymen-brge-ndrush-mddes-de-eskerled.html

Изменен: 02.10.2019 09:17