Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел, 8 подъезд 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

В Казахстане подешевели коммунальные тарифы и бензин
05.11.2019 09:33

В Казахстане подешевели коммунальные тарифы и бензин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда инфляция 3,9% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он айда (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) – 7,2%, азық-түлік емес тауарларына 3,8% жоғарылады.Ал ақылы қызметтерге 0,1% төмендеді.

Биылғы жылдың басынан (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) баға күрішке – 22,5%, ұнға – 19,9%, мұздатылған балыққа – 16%, қой етіне – 15,6%, жармаларға – 15,4%, картопқа – 15,3%, сиыр етіне – 15%, нанға – 13,4%, жылқы етіне – 12,9%, құс етіне – 11,2%, шошқа етіне – 10,5%, макарон өнімдеріне – 9,9%, кофеге – 9,2%, ет өнімдеріне – 9%, мәйекті ірімшікке – 8,3%, сары майға – 7,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,4%, шайға 6,3% артты.

Салқындатылған сусындар – 11,2%, темекі өнімдері – 10,7%, алкогольді ішімдіктер 7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,1%, құмшекерге 14% тіркелді.

Сондай-ақ баға оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,6%, кеңсе таурларына – 6,3%, автомобильдерге – 6,2%, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 5,8%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,9%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 4,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 4,5% өсті. Керісінше, бензин – 4,5%, баллондағы сұйытылған газ – 0,9%, дизель отыны 0,7% арзандаған.

Бұдан бөлек, санаторийлердің қызметтері – 8,1%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтер – 6,3%, денсаулық қызметтері – 5,3%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 5%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 4,9%, қоғамдық тамақтандыру – 4,6%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар 4,3% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% арзандады.

Источник: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-kommunaldyk-tarifter-men-benzin-arzandady_a3581745

Изменен: 05.11.2019 09:38